
Материалдық-техникалық база
Аймақтану мамандығы бойынша кітаппен қамтамасыз етілу 2023 – 2024 оқу жылында бакалавриат бойынша бір студентке шаққанда – 170 кітаптан (дана саны – 21098, студенттер саны – 150), магистратура бойынша бір магистрантқа – 140 дана (дана саны – 4060, магистранттар саны – 30) және сонымен қатар, докторантура бойынша – 140 дана (дана саны –1540, докторанттар саны – 11). Аймақтану мамандығы бойынша электронды үлгідегі және жазылу арқылы алынатын базадағы оқу әдебиеттері жөніндегі мәліметтер: электоронды кітаптардың жалпы саны – 1032, электронды басылымдар саны (СD DVD) – 30.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алты студенттер үйі бар. Барлық студенттер үйінде оқу-білім беру үрдісінің табысты жүргізілуі үшін ғана емес, лайықты студенттер үйі болуын қамтамасыз ету үшін де барлық жағдай жасалған (№5 Студенттер үйінде тегін кинотеатр, студүйлерде концерттер мен конференциялар өтіп, маңызды қонақтармен, танымал қоғамтанушы және мәдениет қайраткерлерімен, ғалымдармен кездесулер өтеді), сонымен қатар, жағымды көңіл күй мен үйдегідей жағдай жасалған. (Барлық СҮ жиһазды бөлмелер, душ, интернет, wi-fi, жаттығу залы, спорт залдары бар. №1 СҮ спорт залы).
Кафедра локальды желіге біріккен, жаһандық желі Интернетке қосылған, шетелдік университеттермен бейнесеминар және тренинг өткізуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы оқыту құралдары – компьютерлік сыныптарды қолданады. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық және инструменталды жүйені, тілдік құралдар мен қолданбалы бағдардамаларды есепке алғанда әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғылары пайдаланылады.
«Аймақтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ресурстық қамтамасыз ету Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының негізгі қорымен жүргізіледі. Ғылыми кітапхананың қоры – бұл жоғары оқу орынында ғылыми-зерттеу үрдісі мен оқу-білім беруге көмек көрсететін экономика мен аралас пәндерден, техника мен ғылымның әртүрлі салалары бойынша сақталған 1,5 млннан астам отандық және шетелдік басылымдар бірлігі. Жыл сайын кітапхана қорына 50 мыңға жуық данада ғылыми және оқу басылымдары қағаз және электрондық құрылымда түседі. Кітапхана жыл сайын 400 шамасында қазақстандық және шетелдік газеттер мен журналдарды жаздырып алады. Қорда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының диссертациялары және диссертацияларының афторефераттары, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары неғұрлым толық деңігейде көрініс тапқан.
Отандық және шетелдік журналдар қоры оқырмандар тарапынан ерекше сұранысқа ие. Оқырмандар «Фолиант», «НурПринт», «Экономика», «Эверо», «Бастау» және басқа да баспалардың кітаптарына қол жеткізе алады. Ағылшын тілін меңгерудің дағдысын жетілдіруді қалайтын оқытушылар мен студенттер үшін American Corner Astana ресурстық орталығының бейімделмеген басылымының топтамасы ұсынылады. Кітапхананың оқырмандарына ENULIB электронды кітапханасы жаңа мүмкіндіктер ұсынады, ол оқу үрдісіне көмек көрсететін оқулықтар, оқу құралдары, монографиялардың цифрлы көшірмесін ұсыну арқылы қызмет көрсетеді. Кітапхананың осындай қорларын құру бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға ықпал етеді және қол жетімділікті қамтамасыз етеді. (https://lib.enu.kz/?q=ru/node/26).
Аймақтану мамандығының пәндері бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 311, 336, 309 кабинет жабдықталып жарақтандырылды.
Осы тұрғыда, кафедра локальды желіге біріккен, жаһандық желі Интернетке қосылған, шетелдік университеттермен бейнесеминар және тренинг өткізуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы оқыту құралдары – компьютерлік сыныптарды қолданады. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық және инструменталды жүйені, тілдік құралдар мен қолданбалы бағдардамаларды есепке алғанда әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғылары пайдаланылады.






