
Практика және еңбекпен қамту
Жұмыс берушілердің сараптамалық бағалауына сәйкес білім беру бағдарламалары мен пәндер еңбек рыногының, қоғам мен жұмыс берушілердің өзгеріп отыратын талаптарына сәйкес келеді. Оны аймақтану кафедрасы түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі куәландыра алады. 2017 жылы Аймақтану кафедрасының бакалавриат түлектерінің контингенті 31 болса, оның 20 сы жұмысқа орналасты. Мамандықтары бойынша 17 адам жұмыс істейді. 11 адам оқуларын магистратурада жалғастыруда, оның ішінде 4 адам шетелде оқиды. Бала күтімімен 2 түлек декреттік демалыста және 1 түлек армия қатарына қабылданды және әскери дайындықтан өтуде.
2018 жылы аймақтық зерттеулер бөлімінің түлегі 50 адамды құрады. Оның ішінде бакалавриат түлектері - 36 адам, магистратура - 11 адам, докторантурада - 3 адам. Барлығы 50 адам жұмыс істеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің саны 27 адамды құрайды (бакалавриат - 15, магистратура - 9 және докторантура - 3), оның ішінде 27 адам бітіргеннен кейін бірінші жылы (бакалавриат - 36, магистратура - 9 және докторантура - 3) (100 %). Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағытын және докторантурасын бітірген түлектердің саны - 11, докторантурада - 3, оның ішінде білім беру мекемелерінде және ғылыми ұйымдарда - 30 адам, бакалавриат, магистратура бойынша - 9, докторантурада - 3) (80%).
Жыл сайын «Аймақтану» мамандығын бакалавриат бойынша бітірген соң, түлектер оқуларын магистратура бағдарламасы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында, сонымен қатар, Америка, Европа және Азияның университеттерінде жалғастырады. 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан, мамандықтары бойынша еңбекке орналасқан кафедра түлектерінің үлесі оқу бітіргеннен кейінгі бірінші жылы 86% құрады.
Аймақтану кафедрасының түлектері мемлекеттік мекемелерде, сыртқы байланыс органдарында, ұлттық және шетелдік компанияларда, елдің жетекші жоғары оқу орындарында және әртүрлі зерттеу орталықтары мен институттарында жоғарғы позиция иеленуде.
Бүгінгі күні ынтымақтастық жөнінде бекітілген шарттар негізінде келесі ұйымдар тәжірибеден өту базасы ретінде саналады: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты; ҚР Сенатының Аппараты; ҚР Сыртқы Істер Министрлігі; ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы; «Нұр-Отан» қоғамдық саясат институты; «Ашық әлем» талдау және болжамдау орталығы ҚҚ»; ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зертеулер институты; «Promstan Asia» ЖШС; «Қоғамдық пікір» зерттеу институты».
Аймақтану кафедрасы бойынша 2017 жылы магистратура түлекерінің контингенті 25 адамды құрады. 2017 жылғы түлектердің жұмысқа орналасқандарының саны 14 адам, оның 13-і мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Бала күтімі бойынша 1 түлек декреттік демалыста және 1 түлек әскери дайындықтан өтуде. Осылайша, бүгінгі күні «6М050500 – «Аймақтану» мамандығы бойынша еңбекке орналасқан түлектердің үлесі 80% ды құрайды, бұл біздің мамандарымыздың еңбек нарығында сұранысқа ие екендігін көрсетеді.
Аймақтану кафедрасының 2017 жылғы доктторантура бойынша түлектерінің саны 2 адамды құрады. Докторантура түлектері толық 100% еңбекке орналасты және мамандықтары бойынша жұмыс істейді. 2017 жылы кафедраға докторант А.Ибраева аға оқытушы лауазымына қабылданды.




