
Халықаралық ынтымақтастық
Түркітану кафедрасының халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
- Бірлескен мақалалар жариялау:
- Шаймердинова Н Г. қыпшақ және оғыз тілдерінің даму тарихының кейбір аспектілері//Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы.№ 1 (126)/ /2019. - Б.184-199. (И.А.Невскаямен бірге, Германия, Гете Фрнакфурт - на-Майне университеті)
- Шаймердинова Н. Г.Хисамитдинова Фирдаус Гильмитдиновна//Turkic Studies Jornal. 1 Vol.1 (2) 2020. – Nur-Sultan, 2020. P.82-88. (А.Ш. Юсуповамен бірге, Германия, Гете университеті Фрнакфурт-на-Майне)
- Шетелдік ғалым-әріптестер түркітану кафедрасының PhD докторанттарына жетекшілік жасайды, диссертациялық кеңестің мүшелері болады:
2019 жылдан бастап Қазан мемлекеттік университетінің жалпы тіл білімі және түркітану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. А.Ш.Юсупова түркітану мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады (ЕҰУ-нің 12.11.2019 ж. бұйрығы). А.Ш.Юсупова 2020 жылдың 12-13 наурызында Н.Балабекова, Ж.Айдарбекова, А.Кусаинова кафедра докторанттарының онлайн форматта өткен қорғауында белсенді қатысты.
- Түркітану кафедрасының ПОҚ шетелдік жоғары оқу орындарының докторанттарының оппоненттері ретінде, шетелдік ғылыми ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ ғылыми жұмыстардың рецензенттері ретінде шақырылады:
Профессор М.Қ.Ескеева А.Перниязованың филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауда ресми оппонент болды (жет. Ш.Абдиназимов, Нүкіс мемлекеттік университеті, Өзбекстан).
Профессор М.Қ.Ескеева Түрік лингвистикалық қоғамының (TDK, Анкара, Түркия) мүшесі болып табылады.
Профессор М.Қ.Ескеева өзбек ғылыми басылымдарында жарияланған ғылыми мақалаларға көптеген пікірлер жазды.
- Шетелдік түркітанушылар "Turkic Studies Journal"атты түркітану кафедрасының базасында шығарылатын халықаралық түркітанушылық журналда редакциялық алқа мүшесі ретінде белсене атсалысуда:
Бас редактор:
Ерлан Сыдықов т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан)
Бас редактордың орынбасары: Шакимашрип Ибраев, ф.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан)
Бас редактордың орынбасары: Ирина Невская, доктор, проф., Гете университеті (Фрнакфурт-на-Майне, Германия).
Редакциялық алқа:
Абдылдажан Акматалиев ф.ғ.д., Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты (Бішкек, Қырғызстан.)
Ғайболла Бабаяров т.ғ.д., Ғылым академиясының ұлттық археология орталығы (Ташкент, Өзбекстан).
Ұлданай Бахтикиреева ф.ғ.д., проф., Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
Дмитрий Васильев т.ғ.д., проф., Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты (Мәскеу, Ресей Федерациясы).
Гюрер Гульсевин доктор, проф., Эгей университеті (Измир, Түркия).
Анна Дыбо ф.ғ.д., проф., Ресей Ғылым академиясының Тіл білімі институты (Мәскеу, Ресей Федерациясы).
Мырзатай Жолдасбеков ф.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан).
Дания Загидуллина ф.ғ.д., проф., Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы (Қазан, РФ).
Зимони Иштван доктор, проф., Сегед университеті (Сегед, Венгрия).
Болат Көмеков д.Н., проф., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан).
Игорь Кызласов т.ғ.д., проф., Ресей Ғылым академиясының Археология институты (Мәскеу, Ресей Федерациясы).
Дихан Қамзабекұлы ф.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан).
Сейіт Қасқабасов ф.ғ.д., проф., әдебиет және өнер институты (Алматы, Қазақстан).
Чимиза Ламажаа ф.ғ.д., Мәскеу гуманитарлық университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
Ласло Мараш, PhD, проф., Амстердам университеті (Амстердам, Нидерланды)..
Мария Иванич доктор, проф., Сегед университеті (Сегед, Венгрия).
Мехмет Олмез доктор, проф., Стамбул Йылдыз университеті (Стамбул, Түркия).
Карл Рейхл доктор, проф., Бонн университеті (Бонн, Германия).
Зайнолла Самашев т.ғ.д. Ә. Марғұлан атындағы археология институты (Нұр-Сұлтан, Қазақстан).
Қаржаубай Сартқожа, ф.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан.)
Айрат Ситдиков т.ғ.д., проф., Қазан федералдық университеті (Қазан, РФ).
Фирдаус Хисамитдинова ф.ғ.д., проф., тарих, тіл және әдебиет институты (Уфа, РФ).
Нұрила Шаймердинова ф.ғ.д., проф., жауапты хатшы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан.)
Амантай Шәріп ф.ғ.д., проф., жауапты хатшы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан.)
Альфия Юсупова ф.ғ.д., проф., Қазан федералдық университеті (Қазан, РФ).
Сонымен қатар, аталған редколлегия мүшелері журналдың мақалаларына рецензия жазып, журналға мақала шығарады. 2019-2020 ж.ж. "Turkic Studies Journal" журналының әр түрлі нөмірлерінде Г.Бабаяров, Г.Гюльсевин, И.Л.Кызласов, М.Иваныч, И.А.Невская, А.Ш.Юсупованың мақалалары жарияланды.
- Ғылыми жобалар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады.
- Халықаралық жоба: "Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен тілінің өзара ықпалдастығы" жобасы қазақстандық түркітанушылар мен Берлин Еркін университеті мен Франкфурт-на-Майнедегі Гете атындағы университетінің ғалымдары бірлесіп жүзеге асырылды (2015-2017 жж.). Неміс тарапынан жоба жетекшілері К.Шенинг пен И.Невская болса, Қазақстан тарапынан жоба жетекшілері Н.Шаймердинова мен С.Тәжібаева болды (жобаға түркітану кафедрасының басқа да ПОҚ қатысты).
- 2018-2020 жылдарға арналған "Қазіргі Қазақстан жағдайында қыпшақ-оғыз халықтарының этникалық мәдени мұрасын сақтау және дамыту" республикалық жобасы.
- Шетелдік түркітанушылар кафедрада ай сайын өткізілетін ғылыми семинарларға, дөңгелек үстелдерге белсене қатысады:
Түркиядағы Токат университетінің PhD докторы, түрік тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ержан Петек Абайдың 175 жылдығына арналған "Abay Kara Sözleri' nin el yazması hakkında" баяндамасымен 2020 жылдың 10 желтоқсанында ("Microsoft Teams" платформасы арқылы) түркітану кафедрасында өткен "Абай және түркі әлемі" атты дөңгелек үстелінде сөз сөйледі. Ереван мемлекеттік университетінің PhD докторы Шушан Хачатрян да осы дөңгелек үстелге "Армениядағы Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеу" баяндамасымен қатысты. 2020 жылдың 24 желтоқсанында түркітану кафедрасының Түркиядан шақырылған шетелдік оқытушысы Вильдан Онжул кафедраның ғылыми семинарында сөз сөйледі.
Эге университеті, Түркия (мемерандум)
Мармара университеті, Түркия (мемерандум)
