
Практика және еңбекпен қамту
Халықаралық қатынастар факультеті Түркітану кафедрасының еңбекпен қамту анықтамасы
Жұмыспен қамту бойынша жоспар 2024 жыл (орысша).pdf
Жұмыспен қамту бойынша жоспар 2023 жыл (орысша)
Практика
Бакалавриат бойынша іс-тәжірибе жоспары - кестесі, күнделік, есеп үлгілері
Магистратура бойынша іс-тәжірибе жоспары - кестесі, күнделік, есеп үлгілері
Докторантура бойынша іс-тәжірибе жоспары - кестесі, күнделік, есеп үлгілері
Практиканың жұмыс-жоспар кестелерінің үлгілері
Практикаға жіберу туралы бұйрықтар
Жұмыспен қамту бойынша Түркітану кафедрасының 2019-2023 оқу жылына арналған есебі
|
№ |
Мамандығы |
Жалпы студента саны |
Жұмыспен қамтылғандар саны |
Белгілі себептермен міндеттемеден босатылғандар саны |
Пайызы |
|
2022-2023 оқу жылы |
|||||
|
1 |
5B021000 Шетел филологиясы |
1 |
1 |
|
100% |
|
2 |
5B021200 Түркітану |
7 |
6 |
1 (магистрантурада оқуын жалғастырды)
|
86% |
|
3 |
M054 Түркітану |
2 |
2 |
|
100% |
|
4 |
6D021200 Түркітану |
4 |
3 |
|
75% |
|
Жалпы |
90 % |
||||
|
2021-2022 оқу жылы |
|||||
|
1 |
5B021200 Түркітану |
11 |
11 |
2 (магистрантурада оқуын |
100% |
|
2 |
M054 Түркітану |
5 |
5 |
|
100% |
|
3 |
6D021200 Түркітану |
9 |
6 |
|
67% |
|
Жалпы |
89 % |
||||
|
2020-2021 оқу жылы |
|||||
|
1 |
5B021000 Иностранная филология |
6 |
4 |
1 (магистрантурада оқуын жалғастырды)
|
83,3% |
|
2 |
5B021200 Тюркология |
5 |
2 |
2 (магистрантурада оқуын жалғастырды) 1 (жүктілік) |
100% |
|
3 |
6М020500 Филология: тюркские языки |
9 |
8 |
1 (жүктілік) |
100% |
|
4 |
6М021200 Тюркология |
10 |
10 |
|
100% |
|
5 |
6D021200 - Түркітану |
7 |
6 |
1 (жүктілік) |
100% |
|
Жалпы |
96,6 % |
||||
|
2019-2020 оқу жылы |
|||||
|
1 |
5B021000 Иностранная филология |
10 |
9 |
1 (магистрантурада оқуын жалғастырды) |
100% |
|
2 |
5B021200 Тюркология |
10 |
7 |
3 (магистрантурада оқуын жалғастырды) |
100% |
|
3 |
6М020500 Филология: тюркские языки |
7 |
6 |
1 (жүктілік) |
100% |
|
4 |
6М021200 Тюркология |
7 |
6 |
1 (жүктілік) |
100% |
|
5 |
6D021200 - Түркітану |
3 |
1 |
2 (жүктілік) |
100% |
|
Жалпы |
100 % |
||||
Жұмыспен қамту бойынша база:
Жұмыспен қамту бойынша база.pdf
Жұмыспен қамту бойынша есеп:
Жұмыс берушілердің пікірі:
Қонақ үй шаруашылығы пікірі.jpg
Түлектерінің түйіндемесі:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бітіруші түлектерге арналған сауалнама
Түркітану кафедрасы
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ, МАНСАП ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ бойынша
ТҮЛЕК АНКЕТАСЫ
Құрметті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-і Түркітану кафедрасының түлегі!
Сізден ЖОО сіздің шеберлігіңізді қалыптастыру үшін берілген білімді меңгеру уақытында қалыптасқан кәсіби сапаңыздың мәнін бағалауға мүмкіндік беретін анкета сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.
ТҮЛЕК АНКЕТАСЫ (орысша)
Анкета мақсаты – сіздің Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-інде мамандар дайындау және оқыту үдерісіне көңіліңіз толу деңгейінің бағасын анықтау. Бұл сауалнама жауаптары университеттің мамандар дайындауды ұйымдастыру мен университет жұмысын жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді.
Өтінеміз, төмендегі берілген сұрақтарды зейін қойып оқып шығыңыз (біреуін де қалыс қалдырмай!) және сіздің көзқарасыңыз бойынша дұрыс деп тапқан жауабыңызды дөңгелектеп белгілеңіз немесе өз жауабыңызды жазыңыз.
Тел.8(702)557-11-36
E-mail: talgatmoldabay@mail.ru
Білім беру бағдарламасының ажырамас бөлігінің бірі кәсіптік практика болып табылады. Кәсіптік практика білім алушылардың оқу барысында алған теориялық және практикалық білімін кеңейтіп бекітуге, Білім бағдарламасы бойынша таңдалған тәжірибелік дағдыларды игеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіптік қызметке дайындауға бағытталған.
Кәсіптік практика Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкес білім берудің барлық түрлерінің оқу жұмыс жоспарларына енгізілген.
Білім алушылардың кәсіптік практикасының басталу және аяқталу мерзімі академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспары және білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіптік тәжірибе кестесінде белгіленеді.
2 курстағы өндірістік практика мақсаты: бастапқы кәсіби құзыреттіліктерді игеру болып табылады: студент түркітанушылардың/түрік тілін меңгеруге бағытталған филологтардың негізгі мақсат-міндеттерімен, практика түрлерімен танысуы, материалдар мен дереккөздерді жинау, өңдеу әдістерін меңгеру.
2 курстағы өндірістік практиканың міндеттері:
- білім алушыларды ұйымдастыру басқармасының құрылымымен таныстыру;
- ұйым қызметінің құқықтық негізін, өзге де құжаттарды қалыптастыру;
- студенттерді түркітану және халықаралық байланыс саласындағы ұйым қызметімен таныстыру;
3 курсатғы өндірістік практика мақсаты: түркітану/түркі тілдері және әдебиеті негізінде тарихи, археологиялық материалдарды талдау; алынған мәліметтерді тәжірибеде қолдануға үйрету; дәстүрлі әдістер және заманауи ақпарат құралдары арқылы алынған мәліметтерді өңдеу, жүйелеу, тәжірибеде қолдану және түрік тілінің фонетикалық, морфологиялық және лексикалық ерекшеліктерін талдауда пайдалануға үйрету.
3 курстағы өндірістік практика міндеттері:
- университетте алынған теориялық білімді практикадан өту кезеңінде іске асыру;
- түркітануға/ түрік тілі тарихы, әдебиеті мен фольклорына қатысты материалдарды жинақтау;
- түркітілдес мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға бағытталған материалдарды жинақтау (мәселен халықаралық келісімдер, ішкі экономикалық өзара келісімдер, келісімшарттар, т.б.).
4 курстағы өндірістік практика мақсаты: болашақ маман түркітанушының/ түрік тілі филологының кәсіби дағдысын қалыптастыру. Білім алушы еңбек үрдісін ұйымдастыру, еңбек ұжымында жұмыс жасай білу, қалыптасқан жағдайларда шешім қабылдай білу және жауапкершілік таныту дағдыларын меңгеру, сонымен қатар материалдарды жинау, өңдеу, талдай білуі тиіс.
4 курстағы өндірістік практика міндеттері:
- түркітанушылардың/ түрік тілі филологтарының кәсіби қызметі түрлерін, өз міндеттерін тану;
- теориялық білімді жетілдіру және оны игеру негізінде кәсіби дағды-машықтарын қалыптастыру;
- еңбек пен өндірістегі инновациялық технологиялар, жетекші әдістерді меңгеру;
- ұйымдастыру және кәсіби тәжірибе жинақтау;
- топтық жұмыс, басқарудың ұжымдық ұстанымдары дағдысын қалыптастыру;
- өз қызметін жоспарлай білу, әріптестерімен жақсы байланыс орнату, кәсіби ұстанымын арттыру дағдыларын меңгерту, жауапкершілік сезімін қалыптастыруды үйрету.
Диплом алды практиканың негізгі мақсаты – диплом жұмысының орындалуы мен қорғалуына қатысты теориялық және практикалық білім дағдыларын игерту. Диплом алды практика түркітану мен түркі филологиясы мамандарын даярлаудағы қорытынды кезең болып есептеледі. Бұл кезең практика кезіндегі меңгеру, игеру дағдылары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар диплом алды практика ғылыми-зерттеу бағытына ие және диплом тақырыбына сай теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қабілеті жоғарылығымен ерекшеленеді.
Практикадан өту сапасы оның өтетін орнымен және білім алушының ақпаратты жинақтауымен, өңдеуімен және талдауымен, алынған мәліметтерді өндірісте қолдануымен анықталады.
Диплом алды практикасының міндеттері:
- диплом жұмысына дайындық барысында зерттеу жұмысының қажеттілігін ұғыну;
- диплом жұмысын дайындау барысындағы теориялық білімді қабілетті қалыптастыру бағытында пайдалану;
- диплом тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және сұрыптау; зерттеу тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтерді талдаудың практикалық дағдыларын меңгеру;
- диплом жұмысы тақырыбы бойынша қорытындыны, ережені, ұсыныстарды қалыптастыру;
- бекітілген талаптарға сай диплом жұмысын рәсімдеу.
"8D02212 - Түркітану", "7М02212 - Түркітану" және 7М02304 "Филология: түркі тілдері" ББ үшін педагогикалық және зерттеу практикалары бағдарламалары қарастырылған. Білім алушылардың педагогикалық және зерттеу тәжірибелері кафедрада ғылыми жетекшілердің жетекшілігімен өтеді. Сондай-ақ, білім алушылар үшін беделді шетелдік жоғары оқу орындарымен жасасқан келісім-шарттар, меморандумдар аясында шетелдік ғылыми тағылымдама көзделген.
ПРАКТИКА БАЗАЛАРЫ
Түркітану кафедрасының білім алушыларында ҚР Ұлттық мұражайы, Халықаралық Түркі академиясы, Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы, SHA аударма агенттігі сияқты ұйымдарда практикадан өтуге бірегей мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Музей "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2013 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің құрамында бірнеше зал бар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және Орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы. Ұлттық қазынаны зерттеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады. Сондай-ақ балалар музейіне, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, қалпына келтіру шеберханаларына, зертханаларға, кәсіби қор сақтауға, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, мәжіліс залы мен кәдесый дүңгіршектеріне арналған үй-жайлар көзделген.
Музей әлемдік стандарттарға сай жабдықтармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, жарықдиодты LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады.
Түркітану кафедрасының білім алушылары музейдің ғылыми және экскурсиялық бөлімдерінде тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады. Олар жалпы музей жұмысымен және түркітанушы мамандардың, археологтардың, экскурсоводтардың және т.б. жұмыстармен; Ботай қонысындағы қазба жұмыстарынан табылған керамикалық бұйымдарды қалпына келтіру технологияларымен танысады; Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің материалдық емес мәдениеттерін зерделейді; экскурсиялық жұмыстар кезінде қарым-қатынастың әртүрлі түрлерінің коммуникативтік дағдыларын меңгереді. Білім алушыларға музейдің ғылыми бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанның түрлі өңірлеріне, сондай-ақ шет елдерге далалық зерттеулерге шығу мүмкіндігі беріледі.
Халықаралық Түркі академиясы. 2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемін зерттеу мақсатында ғылыми орталық құру туралы ұсыныс енгізді. 2010 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдулла Гүл, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресей (Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Якутия), Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаның көрнекті түркітанушы ғалымдары қатысты.
2012 жылғы 22-23 тамызда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте Түркі кеңесінің II саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Артур Расизаде Түркі академиясына халықаралық мәртебе беру туралы келісімге қол қойды. Келісімді құрылтайшы мемлекеттер ратификациялағаннан кейін, 2010 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан Түркі академиясы 2014 жылғы 27 тамызда халықаралық мәртебеге ие болды. Осылайша, төрт түркітілдес мемлекет бірлесіп құрған "Халықаралық Түркі академиясы" халықаралық ғылыми орталығы өз жұмысын бастады.
Түркі академиясының мақсаты – ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі түркі әлемінің тарихы жөніндегі ғылыми зерттеулерді үйлестіру және оларға жәрдемдесу, түркі тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерделеу, сондай-ақ бірегей деректерді ашу негізінде ортақ түркі әлемін зерттеу және түркі мемлекеттерінің әлемдік кеңістіктегі рөлі мен орнын анықтау болып табылады.
Түркітану кафедрасының білім алушылары Халықаралық Түркі академиясында тәжірибеден өту кезінде ғалымдардың ғылыми қызметімен, ежелгі жазу эстампаларымен, оларды сақтау шарттарымен танысады. Сондай-ақ, практиканттар аударма қызметімен, мәтіндерді түзетумен айналысады, "Кодекс Куманикус", "Дивани Лугат ат-Тюрк" және т.б. сөздіктермен жұмыс жасайды. Олар форумды, конференцияларды ұйымдастыруда, өткізуде, бағдарламалар жасауда, қатысушылардың сөйлеген сөздері туралы ақпарат жинауда, шетелдік қонақтармен сұхбат жасауға, қорытынды есептер шығаруда және т.б. үлкен тәжірибе алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен келісім
"SHA" аударма агенттігімен келісім (орысша)
Юнус Эмре атындағы институтпен келісім
Қазақстан Республикасы TRT-ның (Түркия теле және радиокорпорациясы) Қазақстандағы өкілі келісім)
ЖШС "Жастар ғылыми зерттеу орталығы" келісім
ЖШС "Президент Отель" ҚР келісім
ОП бойынша жұмыс берушінің сараптамасы:бакалавь, магистратура, докторантура (орысша)




