
Оқиғалар күнтізбесі
Оқиғалар күнтізбесі
2026 жылғы 1 қыркүйек – «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығының ашылуы өтті.
2026 жылғы 2 қыркүйек – Poland–Kazakhstan: New Trends in European–Eurasian Cooperation («Польша–Қазақстан: Еуропалық-Еуразиялық ынтымақтастықтағы жаңа үрдістер») ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.
2026 жылғы 14 қыркүйек – «Қазіргі демократиялық транзит жағдайындағы партиялық жүйелердің эволюциясы: халықаралық тәжірибе және даму перспективалары» ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.
2026 жылғы 29 қыркүйек - Жетісу облысында (Талдықорған қ.) Достық үйі мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Оңтүстік өңірлерде тілдік және этностық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында сарапшылық кездесулер, заңгер мен этномедиатордың консультациялары, фокус-топтық талқылаулар, әлеуметтік сауалнамалар және зияткерлік квест өткізілді. Іс-шараларда өшпенділік тілінің алдын алу, әлеуметтік желілердегі этносаралық арандатушылықтарға қарсы іс-қимыл, құқықтық және медиасауаттылықты арттыру, этносаралық өзара іс-қимыл мәдениетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шаралар жоба жетекшісі Наталья Калашникованың басшылығымен құқық, этномедиация және қоғамдық коммуникация салалары мамандарының қатысуымен өтті.
Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығы жүзеге асырады.
2026 жылғы 1–2 қазанда - Алматы облысының Қонаев қаласында «Оңтүстік өңірлерде тілдік және этностық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
«Этномедиа және әлеуметтік желілер: цифрлық ортада қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және өшпенділік тіліне қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы іс-шаралар Көпсалалы колледж бен Қалалық кітапхана базасында өтті.
Бағдарлама аясында сарапшылық кездесулер, тренингтер, заңгер мен этномедиатордың консультациялары, әлеуметтік сауалнамалар және фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды. Өшпенділік тілінің алдын алу, әлеуметтік желілердегі арандатушылық сипаттағы ақпаратты анықтау, құқықтық және медиасауаттылықты арттыру, этносаралық өзара іс-қимыл мен өзара құрмет мәдениетін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шаралар жоба жетекшісі Наталья Калашникованың басшылығымен Әсем Қайдарова, Луиза Узарова, Айгүл Ешмағамбетова және онлайн форматта қатысқан жоба үйлестірушісі Лариса Котельникованың қатысуымен өткізілді.
Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығы жүзеге асырады.
2026 жылғы 8–9 қазанда Алматы қаласында «Оңтүстік өңірлерде тілдік және этностық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шаралар Республикалық Достық үйінде және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті. Бағдарлама аясында «Мәдениетаралық коммуникация қоғамдық оптимизмді нығайтудың факторы ретінде» тақырыбында сарапшылық кездесу, цифрлық ортада қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және өшпенділік тіліне қарсы іс-қимыл бойынша тренингтер, заңгер мен медиатордың консультациялары және әлеуметтік сауалнамалар өткізілді.
9 қазанда Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдерінің қатысуымен құқықтық және медиасауаттылықты арттыруға, этносаралық өзара іс-қимыл мен сындарлы диалог мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлік квест ұйымдастырылды.
Жоба жетекшісі Наталья Калашникованың басшылығымен өткен іс-шараларға Алишер Сатвалдиев, Алина Кан, Гүлмира Саудабаева, Олеся Клименко, Жұлдыз Кәрім, Жомарт Сімтіков және басқа да сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жастар өкілдері қатысты.
Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығы жүзеге асырады.
