
Білім беру бағдарламалары
МАГИСТРАТУРА
7M03109 – «Этносаясаттану»
БББ мақсаты
Білім беру инновациялық бағдарламасы этносаяси салада ғылыми-зерттеу, саяси-басқару және талдау қызметін жүзеге асыратын магистрлерді даярлауға бағытталған
Этносаралық қатынастар саласында тұлғалық, басқарушылық кәсіби құзыреттілікке, этносаясаттың қазіргі заманғы бағыттары және мәдениетаралық диалог саласында терең теориялық және қолданбалы білімге ие, алынған дағдыларды ғылыми-зерттеу, қолданбалы және педагогикалық салаларда қолдануға қабілетті әлеуметтік ғылымдардың бәсекеге қабілетті магистрлерін даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы
Білім беру бағдарламасы оқытудың үш негізгі траекториясын қамтиды – этносаясаттың теориясы мен практикасы; Ұлттық қауіпсіздік, көші-қон және этносаяси үрдістер; саяси, этникалық қақтығыстар және бірегейлік. Осы білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізу оқытылатын инновациялық, оның ішінде шетелдік пәндердің бейініне сәйкес мамандануы бар ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілетін болады; сондай-ақ, қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, магистрлік диссертациялық зерттеулердің қолданбалы тақырыптарын сараланған таңдау.
Маманның лауазымдарының тізімі
- этносаясат саласындағы сарапшы,өз құзыреті шегінде шешімдер әзірлейтін және қабылдайтын мемлекеттік билік және саяси басқару органдарының, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар аппаратының қызметкері;
- сарапшы;
- стратегияны әзірлеуші;
- ғылыми-зерттеуші;
- қоғамдық-саяси жобалардың жетекшісі;
- облыстар және Республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент) әкімдіктері аппаратының ішкі саясат басқармаларының қызметкері);
- саяси кеңесші;
- Достық үйінің қызметкері, «Қоғамдык келісім» ММ
- Зерттеуші-талдаушы, сарапшы, кеңесші, білім саласындағы оқытушы, аға оқытушы/сеньор-лектор, ЖЖОКБҰ, ғылыми қызметкер
7М03109-Этносаясаттану - Білім беру бағдарламасы
ДОКТОРАНТУРА
«8D03107 – Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент»
БББ мақсаты
Білім беру бағдарламасы менеджмент және этносаясат саласындағы РһD философия докторларын даярлауға арналған
Әлеуметтік ғылымдар, ғылыми зерттеулердің жалпы ғылыми және кәсіби әдіснамасы саласында интегративті білімі бар, әлемдік этносаяси тенденциялардың ерекшеліктерін ескере отырып, нақты эмпирикалық мәселелерді шеше алатын, дипломатия құралдарын пайдалана отырып, этносаяси процестерді реттей алатын бәсекеге қабілетті PhD-докторлар дайындау
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы
Бағдарламаның инновациялық сипаты пәнаралық, тәжірибелік бағдарымен және этносаясат пен мемлекетаралық қатынастардың жай-күйін, этномиграциялық үрдістер мен жалпы көші-қон саясатын, полиэтникалық мемлекеттердегі этноинтеграциялық процестерді талдау дағдыларын жетілдірумен айқындалады. Докторанттардың мемлекеттік секторда, дипломатиялық және этносаралық салаларда, халықаралық ұйымдарда және басқа да құрылымдарда ғылыми-талдамалық және сараптамалық қызметтегі дағдыларын қалыптастыру қазіргі заманғы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Дипломатия құралдарын пайдалана отырып, этносаяси процестер мен қақтығыстарды бақылау мен талдаудың практикалық дағдыларын меңгеру превентивті шараларын әзірлеуге және одан әрі жүзеге асыруға кәсіби қатысуды қамтамасыз етеді
Маманның лауазымдарының тізімі
- этносаралық қатынастар саласын үйлестіретін мемлекеттік қызметкер
- ұлттық үкіметке, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға, саяси партияларға кең ауқымды дипломатиялық құрылымдарға сарапшы-талдаушы
- менеджер, ғылыми қызметкер, шолушы
- білім саласындағы оқытушы, профессордың ассистенті, жжокбұ
8D03107 – Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент - Білім беру бағдарламасы
БББ "Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент"
|
№ |
Білім беру бағдарламасының коды мен атауы |
Қолданыстағы нұсқасы |
Аккредитация |
Сараптамалық қорытынды
|
БББ мұрағаты
|
БББ жаңартылуы (жыл бойынша) |
БББ даму жоспары |
БББ жетекшісі |
|
|
2025–2026 БББ PDF КП PDF |
Сертификат Сертификат нөмірі ____________ (сертификатқа сілтеме) |
2025–2026 2024–2025 2023–2024 |
2024–2025 2023–2024 2022–2023 |
Жаңартылған PDF
|
2025-2028 2025 2024 2023 |
ТАӘ |
|
|
1. |
8D03107 – Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент |
ОП-8D03107-Дипломатия и менеджмент в этнополитике-2024г бағдарламалары | Халықаралық қатынастар факультеті ОП-8D03107-Дипломатия и менеджмент в этнополитике-2023г (1).pdf |
Калашникова Наталья Павловна - саяси ғылымдарының докторы, |
|||||
|
2. |
7M03109 Этносаясаттану |
Калашникова Наталья Павловна - саяси ғылымдарының докторы, |





