
"Шаңырақ" ғылыми-білім беру орталығы

2013 жылғы 28 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы меморандумға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылды. Кафедра университеттегі этносаяси бағыттың одан әрі дамуына негіз болды.
2026 жылы ребрендинг және институционалдық жаңғырту нәтижесінде кафедра «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығы болып қайта құрылды.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Орталық Халықаралық қатынастар факультетіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының материалдық-техникалық және ғылыми-білім беру базасы негізінде өз қызметін бастады. Орталық кафедра қызметінің ғылыми, білім беру және сараптамалық бағыттарындағы сабақтастықты сақтайды.
Мақсаттары мен міндеттері
- Ғылыми-қолданбалы жобаларды іске асыру;
- "Этнополитология" магистратурасының, "Этносаясаттағы Дипломатия және менеджмент"докторантурасының инновациялық ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламаларын үйлестіру;
- Халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- Екі БББ дамыту бойынша стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл;
- Қазақстандағы ғылыми-сараптамалық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық;
