
Шет тілдер кафедрасы халықаралық қатынастар факультетіндегі ең алғашқы негізі қаланған кафедралардың бірі болып саналады. 2001 жылдың 1 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар институты кезінде құрылған кафедра 19 жыл бойы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өз қызметін жемісті жүзеге асыруда.
Кафедраның бастамашысы институттың алғашқы директоры профессор М.Әбдіров болды. 2001 жылдан бастап кафедраны доцент Л.И. Кашакбаева (2001-2004), аға оқытушы Смолина Л.И. (2004–2005), доцент Н. Савенкова (2005-2007) басқарды. 2007 жылдан бастап 2018 жылға дейін кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Есенгалиева Анна Михайловна басқарды. 2018-2019 о.ж. кафедраны доктор PhD, доцент м.а. Мейрамбекова Л.К. басқарды. Содан кейін кафедраны басқаруды п.ғ.к., доцент м.а. Калиева Ә.Б. қолға алды.
Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар факультетің шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі - доктор PhD, доцент м.а. Мейрамбекова Лязат Қасымқызы.
Кафедра қызметтік кафедра болып саналады және қазіргі уақытта «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Түркітану», «Саясаттану», «Журналистика», «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және халықаралық қатынастар факультетінің, әлеуметтік ғылымдар факультетінің, журналистика және саясаттану факультетінің, сондай-ақ тарих пен заң факультеттерінің көптеген басқа мамандықтарының негізгі және элективті пәндері бойынша білім береді.
Оқу үдерісінде студенттер бес шет тілін: ағылшын, француз, неміс, итальян және испан тілдерін үйренуге, сонымен қатар оқитын тілдердің мемлекеттерінің мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік алады.
Кафедра шетел тілдерін оқыту саласындағы заманауи халықаралық тенденцияларды ескере отырып, оқу модульдерін үнемі жаңартып отырады. Аралас оқыту (blended learning), пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) және цифрлы визуализация әдістерінің (digital visualization) инновациялық білім беру технологиялары оқыту үдерісінде белсенді қолданылады.
Оқытушыларымыздың техникалық дағдылары мен кәсіби икемділігі жаһандық пандемия кезінде жаңа талаптар мен қашықтықтан оқытуға тез бейімделуге көмектесті. Коммуникациялық мессенджерлерден басқа, оқытушылар тұрақты, әрі үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында түрлі платформалар мен вендорлардың қашықтықтан оқыту жүйелерін қолданды, олардың ішінде Platonus Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, ZOOM, Microsoft Teams, Quizlet и Google classroom сервистері.
