
«Саясаттану» кафедрасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ғылыми кеңес шешімімен 1999 жылғы 16 маусымдағы № 87 ректордың бұйрығы негізінде мамандарды мынандай деңгейде даярлау үшін құрылды;
- 5В050200 «Саясаттану»,
- 6М050200 «Саясаттану»,
- 6D050200 «Саясаттану».
Кафедраның алғашқы меңгерушісі танымал қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық білім академиясының академигі Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы болды. Кафедраның бұл кезеңінде еңбек сіңірген ардагерлер – т.ғ.к Кенжебаев К.К. және ф.ғ.к Баимбетов Р.К. көп үлес қосты.

2002 жылдан 2005 жылдары аралығында кафедраны саяси ғылымдар кандидаты Оразбаева Сәуле Қойшыбайқызы басқарды. Бұл кезеңде кафедра «Саясаттану» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша дайындық жүргізді, сонымен қоса, 2002 жылдан «6М050200»- Саясаттану мамандығы бойынша магистратура, 2005 жылдан «6D050200»-Саясаттану мамандығы бойынша PhD Докторантура ашылған болатын. Осы жылдары оқу жоспарына қосымша арнайы курстар мен пәндерді қосу мен мамандық бойынша жоғары деңгейдегі кадрларды шақыруда көптеген жұмыстар атқарылды.
2005-2008 жж. аралығында кафедраны саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР жоғарғы білімінің Құрметті үздігі, РФ саяси ғылымдар академиясының мүшесі (АПН) Нуртазина Роза Ауталиповна басқарды. Бұ кезеңде кафедраның ғылыми-педагогикалық құрамын жинақтау мен материалды-техникалық базасын күшейтуде біршама жұмыстар атқарылды.

Кафедра меңгерушісі қызметін 2008 жылдан 2020 жылдар арасында саяси ғылымдар кандидаты, профессор Нечаева Е.Л., 2020-2021 жылдары аралығында PhD, доцент Рыстина И.С., 2021-2024 жж. аралығында профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Ғабдулина Б.А., 2024-2025 жж. PhD, доцент Момынқұлов Ж.Б. атқарды.
Бүгінде кафедра халықаралық қатынастар факультетінің құрамында қызмет етеді. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанпейісова Қарғаш Дәлелханқызы.
Бұл кезеңде кафедра Қазақстандағы саясаттанушыларды дайындайтын жетекші орталықтардың біріне айналды. Кафедра ұлттық рейтингте алдыңғы орында, біздің түлектерге еуропалық үлгідегі дипломды алуына мүмкіндік беретін ACQUIN(Германия) халықаралық аккредитация агенттігінің арнайы халықаралық аккредитациясынан өткен, белсенді халықаралық серіктестік жүргізеді.

Кафедрада оқыту 3 деңгей бойынша жүргізіледі – бакалавриат, магистратура және PhD докторантура. Кафедра отандық және шетелдік саясаттанудың теориялық және қолданбалы түрі бойынша көптеген курстарды ұсынады, солардың ішінде: мемлекеттік саясат, саясаттың заманауи теориялары, ұлттық қауіпсіздік, әлемдік саясат және ҚР саяси үдеріс, парламентаризм институтының теориясы мен тәжірибесі, саяси және сайлау технологиялары, Орталық Азиядағы қауіпсіздік және т.б.
Саясаттану кафедрасы, саясаттанулық білім берудің онжылдықтар бойы жиналған бай дәстүрі мен тәжірибесін жинақтаған, жаңа технологиялар мен білім үдерісінің принциптерін қолдануда, жаңа білім әдістемелерін белсенді енгізуде. Осы уақыт аралығында кафедра оқытушыларымен көптеген авторлық оқыту курстары мен 50-ден астам кітаптар мен оқыту құралдары дайындалып шығарылды.

Кафедра түлектері бүгінде республиканың түрлі саяси және қоғамдық салаларында жұмыс жасап жүр. Мысалы, саяси ғылымдар кандидаты Шойкин Г.Н Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі Комитетті басқарып отыр, Жумин Д.Е – «Қазақстан - 2050» Жалпыхалықтық қозғалыстың лидері, Туртаев А –ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаты, «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD доктор Сыдыкназаров М.К – Заманауи зерттеулер Институтының директоры, Жолдыбалина А.С - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. Кафедра 10 ғылым кандидаттары, 15 PhD докторларды дайындап шығарды.
Оқыту жоғары деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамының арқасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мамандарды дайындауда үлкен үлесін қосқан, кафедрада әртүрлі уақыттары жұмыс жасаған ҚР танымал ғалымдары мен қоғамдық тұлғалар - Султанов К.С., Дьяченко С.А., Сейдуманов С.Т., Бурханов К.Н., Джунусова Ж.Х., Жексембекова В.А., Карин Е.Т., Бабакумаров Е.Ж., Еримбетов Н.К.

Калиев Н.К., Нуртазина Р.А., Калиева М.Ш., Аскеева Г.Б., Нечаева Е.Л., Имакова Г.О., Онучко М.Ю. – саяси ғылымның теориялық және фундаменталды мәселелері, қолданбалы зерттеулерді нақты қазақстандық материалды Қазақстанның мысалында халықаралық теорияларды верификациялау мен халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанның саяси дамуын болжау арқасында осы ғалымдардың ғылыми мектептері қалыптасты.
Ғылыми іс-әрекеттің нәтижесі түрлі жарияланымдар, конференциялар мен ғылыми форумдардағы сөз сөйлеулер, монографиялар мен зерттеу тақырыбы бойынша шыққан кітаптар мен оқу құралдарынан көрініс тапты. Осы уақыт ішінде кафедра үш фундаменталды зерттеу жобасында жетекші болса, 20 астам қолданбалы жобаларға қатысты. Кафедра оқытушылары түрлі мемлекеттік құрылымдар мен органдарға сарапшы, консультант ретінде шақырылады. Соңғы 5 жылдың ішінде 50 монография шығарылды. Жылда өткізілетін ғылыми конференциялар мен республикалық студенттердің ғылыми конкурсы кафедраның жақсы дәстүріне айналды және сол арқылы халықаралық библиометрикалық базаға енген кафедраның ғылыми жарияланымдар саны көбейді.
Кафедра жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі әлемнің жетекші университеттерімен халықаралық серіктестікті дамыту. Кафедраның серіктес-университеттері ретінде - Луисвиль университеті, АҚШ, Нью-Мехико Университеті,АҚШ, Сан-Франциско мемлекеттік университеті, АҚШ, К. Охрид ат.София университеті, Болгария, Париж-10 Университеті Нантер, Франция, Варшава университеті, Польша, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және т.б.

Халықаралық стандарттар деңгейінде саясаттанушыларды дайындауда шетелдік оқытушыларда біршама еңбек сіңірді - Чарльз Зиглер және Джейсон Гейноуз (Луисвиль университеті, АҚШ), Грегори Глиссен (Маршалл орталығы, Германия), Татьяна Дронзина (К. Охрид ат.София университеті ,Болгария), Уяма Томохико (Хоккайдо Университеті, Япония), Эдвард Цирсон (А. Мицкевича ат. Университет, Польша), Себастьян Пейроуз (Дж.Хопкинса университеті, США), Рубен Азизян (Гонолулу Университеті, АҚШ),Анджей Вержбицки (Варшава университеті, Польша), А. Шварц (New School, АҚШ), Э. Шатц (Торонто университеті, Канада) және т.б.

Бүгінгі таңда кафедрада АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония, Чехия және Ұлыбританияның жетекші ғылыми және білім орталықтарында жоғары біліктіліктен өтіп келген 4 саяси ғылымдар докторы, 12 ғылым кандидаты, 5 PhD доктор және «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен «Үздік оқытушы» құрметті атағының иегерлері жұмыс жасап жатыр.
