
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2013 жылғы 28 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы меморандумға сәйкес құрылды. Кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Негізгі миссия
Кафедра сервистік болып табылады және жоғары оқу орны бағдарламасында ғылыми, білім беру және тәрбие компоненттерін қамтамасыз етеді; мемлекеттік этносаясатты іске асыруда бірыңғай ғылыми және әдіснамалық тәсілдерді әзірлеумен айналысады; жастар Студенттік қауымдастығын қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру саясатын дамытуға тартады.
Жаңа жобалар
2021-2022 оқу жылында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Саясаттану кафедрасымен бірлесіп, алғаш рет Орталық Азияның жоғары оқу орындарында баламасы жоқ "Этносаясаттану – 21" атты екі жылдық магистрлік бағдарламаны іске қосты.
Ғылыми қызмет және халықаралық әріптестік
ҚХА кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік етеді, ғылыми зерттеулердің нәтижелері Scopus, Web of Science халықаралық ғылыми журналдарында, РИНЦ индексімен мақалалар, ҚР БҒСБК ғылыми басылымдарының тізбесіне енгізілген басылымдарда жарияланады.
Кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен және сарапшылармен белсенді жұмыс істейді, олардың ішінде профессорлар: София университеті (Болгария), Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті (Ресей), Стамбул университеті (Түркия), Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті (Ресей), Орталық Азия Халықаралық институты (Өзбекстан), Сібір Мемлекеттік қызмет және басқару институты (Ресей), Астрахань мемлекеттік университеті (Ресей) және басқалар. Украинаның Т. Шевченко, И.Франко ұлттық университеттерімен гуманитарлық байланыстар орнатылды.
Кафедра оқу процесіне арналған бейне-дәрістер курсын әзірлейді, олар Платонус ENU базасында, сондай-ақ MOOC порталында қолжетімді https://mooc.enu.kz/course/view.php?id=455
Қоғамдық қызмет
2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Қазақстанның барлық өңірлерінен осы бағыттағы кафедраларды біріктіретін ҚХА кафедраларының Республикалық Қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың негізгі кафедрасы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы болып табылады.
Қауымдастық қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен нығайту бойынша оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеуге ықпал ететін маңызды қоғамдық маңызы бар, ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.
2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Қауымдастық "Шаңырақ" Республикалық қоғамдық бірлестігі ретінде заңды тұлға мәртебесіне ие және ҚХА кафедраларына жұмыс тәжірибесімен алмасуға, қызметті үйлестіруге және ортақ тәсілдерді әзірлеуге жәрдемдеседі.
2020 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы кафедра туралы жаңа үлгілік Ережені әзірледі, оған Басқарма төрағасы - ректор Е.Б. Сыдықовтың қолы қойылып, ұсыным ретінде қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылығына жіберілді.
Кафедра қауымдастығы өзінің аймақтық алаңдарында халықаралық конференциялар ұйымдастырады, әдістемелік құралдар шығарады, оқу процесінде қолданылатын қазақ және орыс тілдеріндегі бейне-дәрістер циклін әзірлейді https://youtube.com/channel/UC5hbMiV_5vBQLxIQ5uqHntQ .
2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР Білім және ғылым жүйесінде ҚХА-ның 32 кафедрасы мен орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 28 кафедра мен ҚХА орталығы жоғары оқу орындарында, 1-ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, 2 колледжде және 1 мектепте.
