

Халықаралық қатынастар кафедрасы Халықаралық қатынастар саласында қызмет атқаратын бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларды даярлайтын кафедралардың бірі болып табылады.
Саясаттану, әлеуметтану және халықаралық қатынастар кафедрасының бірінші меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы болды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының тарихы 1998 жылдан, тарих және халықаралық қатынастар факультетіндегі «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша студенттерді алғашқы қабылдау кезеңінен бастау алады.
2001 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық қатынастар кафедрасы ашылды.
2003 жылы халықаралық қатынастар кафедрасы алғашқы түлектерін шығарды. Олар қазіргі уақытта сыртқы саясат құрылымдарында, Қазақстан Республикасының министрліктер мен ведомстволарының бөлімшелерінде, жоғарғы оқу орындарында қымет атқаруда.
2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Елмурзаева Раушан Сапарханқызы болды.
2017-2019 жылдар аралығында Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к., профессор Азмуханова Айман Махсотовна тағайындалды.
С.ғ.к., доцент Ахмедьянова Дана Кабидуллаевна 2014 жылдан 2017 жылға дейін, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
1998 жылы кафедрада шет тілінде оқыту енгізілді: элективті пәндер ағылшын, француз және неміс тілдерінде оқылды. 2011-2012 жылдары ағылшын тілінде оқыту кеңейді және мамандық бойынша элективті және міндетті пәндерді, жалпы білім беру пәндерінің басым бөлігін қамтыды. Оқыту үш тілдің бірінде жүргізіледі-қазақ, орыс немесе ағылшын.

2008 жылы ҚР БҒМ лицензиясы негізінде 2004 ж. 18 мамырда № АА 0000002 халықаралық қатынастар кафедрасында "6М0202 - Халықаралық қатынастар" (қазіргі "6М020200 – Халықаралық қатынастар") мамандығы бойынша магистратура ашылды. Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған магистратура түлектеріне "6М020200 – Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша "гуманитарлық ғылымдар магистрі" академиялық дәрежесі беріледі.
2010 жылдың 3 ақпанында № АБ 0137427 лицензиясына сәйкес халықаралық қатынастар кафедрасында "6D020200 – Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша PhD докторантурасы ашылды. Мамандық түлектері 6D020200 – "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алады.
2011 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасы ТМД Желілік университетінің шеңберінде Ресей халықтар достығы университетімен бірлесеотырып магистратура деңгейінде қосдипломдық бағдарламаланы жүзеге асыруда (http://imp.rudn.ru/su_sng/).
Оқу процесін интернационалдандыру халықаралық қатынастар кафедрасы қызметінің мықты жағы болып табылады, ол 2015 жылдан бастап білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларына (шетелдік жоғары оқу орындарында бір семестр бойы оқу) қатысуы бойынша университет бойынша жетекші орын алады.
Халықаралық қатынастар кафедрасының білім алушылар контингенті факультеттегі ең үлкен контингент болып табылады:
- 2015-2016 оқу жылы – 324 адам (оның ішінде 296 студент, 24 магистрант, 4 докторант);
- 2016-2017 оқу жылы – 309 адам (оның ішінде 267 студент, 38 магистрант, 4 докторант);
- 2019-2020 оқу жылы-400 адам (оның ішінде 340 студент (грант 94 / шарт 246), 44 магистрант (грант 37 / шарт 7), 16 докторант (грант 15 / шарт 1);
- 2020-2021 оқу жылы - 392 адам (оның ішінде 319 студент (грант 99 / шарт 220), 58 магистрант (грант 54 / шарт 4), 15 докторант (грант 15).

Оқу нәтижелерінің Жоғары сапасы кафедра түлектеріне кәсіби қызметке қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Кафедра жұмыс істеген жылдар ішінде халықаралық қатынастар саласында көптеген дарынды мамандарды шығарды, олардың ішінде:
- Оралов Асхат Раздықұлы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі;
- Нығыметов Гани Сактаганович – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- Сүлейменова Зульфия Болатқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі;
- Синяговский Александр Сергеевич – ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры, I сыныпты бірінші хатшы;
- Жақсылық Данияр Елубайұлы – Еуразиялық экономикалық комиссияның хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;
- Әлкей Марғұланұлы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары;
- Майқанов Әнуар Сапарғалиұлы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Ректор аппаратының басшысы және т. б.
